- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде колледж директоры...
Ақтөбеде колледж директоры сыныптасына көмектескені үшін сотталды
Ақтөбеде колледж директоры жалған құжат жасағаны үшін сотталды. Ол сыныптасына мектеп аспаздарының біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттар жасап, қызметі үшін 14 000 теңге алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz-ке сілтеме жасап.
Қала мектептерінің бірінің аспазы қажет құжаттарды рәсімдеуге сыныптасының көмегіне жүгінген. Ол оқу орнының басшылығының біліктілігін арттыру курстарына баруға мәжбүрлейтінін айтқан.
Дәл осы сыныптасы - құрылыс және бизнес колледжінің директоры әйелге "Мектеп оқушыларын тамақтандырудың заманауи технологиялары" тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат істеп беруге уәде берген. Ер адам сабаққа барудың қажеті жоғын айтқан. Ол компьютерінде сыныптасы мен оның әріптесіне екі сертификатты басып шығарып, қол қойып, көмегі үшін 14 000 теңге алған.
Нәтижесінде, 60 жастағы колледж директорының айла-амалдары әшкереленіп, оған алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот оның куәліктерінің нысаны заңды, бірақ мазмұны бойынша жалған екенін анықтады.
Ол сотта кінәсін мойындады. Сот сотталушыға 140 мың теңге айыппұл салды. Сот үкімімен ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек