Ақтөбеде көлік жүргізушісі асқан жылдамдықпен келе жатып көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда сағат 00:30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңында жылдамдықты сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалды. Салдарынан Lexus көпірден құлап кетті. Жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!