- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде көлік инспекциясы...
Ақтөбеде көлік инспекциясы қызметкерін тасжолда бірден екі жүк көлігі қағып кеткен
Ақтөбеде көлік инспекциясының қызметкері қызмет атқару кезінде қаза тапты. Ер адамды екі жүк көлігі қағып кеткен. Ер адамды біріншісінің соққысынан қарсы жолаққа лақтырып жіберген, сол жерде екінші жүк көлігі тағы қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, оқиға Ақтөбе - Орынбор тасжолында болған.
"Өзбекстан республикасының азаматы Ақтөбе - Орынбор тасжолында келе жатып көлік инспекциясының қызметкерін қағып кеткен. Салдарынан ер адам қарсы жолаққа қарай шығып кеткен, сол жерде екінші жүк көлігі қағып кеткен", - дейді ПД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта екі көлік елден шықпау туралы хаттамамен Мартук ауданында.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина