Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды. Өңір полициясы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.
БАҚ-та марқұм 55 жастағы ер адам екені жазылып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!