Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды

Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды
Фото: Көрнекі сурет: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Ақтөбеде қоқыс алаңынан ер адам өлі табылды. Өңір полициясы мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті мәліметінше, мәйіт табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған хабарламада.

БАҚ-та марқұм 55 жастағы ер адам екені жазылып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget