Ақтөбеде кезексіз пәтер алып беремін деп жалған уәде берген тұрғын қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, онша таныс емес әйел оны мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз пәтер алып беруге көмектесетініне сендіріп, өз қызметі үшін 700 000 теңге сұраған.
Аңғал бойжеткен кезексіз пәтерге қол жеткізетініне сеніп, алаяққа беру үшін өз атына банктен несие рәсімдеген. Алайда, ақшаны алғаннан кейін алаяқ өз уәдесінде тұрмаған.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында күдікті ретінде 36 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!