Ақтөбеде кепілге алынған екі адам неден қайтыс болғаны айтылды

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам неден қайтыс болғаны айтылды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбеде адамдар кепілге алынған оқиғаға қатысты тың дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

​Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылған болатын. Алайда оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. 

"Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледен пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы (әйелдің - еск.) табылды. ​Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажет медициналық көмек көрсетіп жатыр", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"​Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланады", - деп жазылған хабарламада.

Ақтөбедегі тосын жайт туралы не белгілі?

Ақтөбеде кеше кешкі сағат 20.00-де 102 пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.

Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова