Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды

Ақтөбеде кепілге алынған екі адам көз жұмды. Бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

"Үшінші жәбірленушінің жағдайы ауыр", - деп жазылған мәліметте.

Ақтөбедегі тосын жайт туралы не белгілі?

Ақтөбеде кеше кешкі сағат 20.00-де 102 пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылды, аудан қоршауға алынды.

Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!