- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде кәсіпкерлер 70...
Ақтөбеде кәсіпкерлер 70 миллион теңге жымқырды: ақтау үкімінің күші жойылды
Ақтөбеде "ДосДанАй" компаниясының құрылтайшысы Мхитар Манукян мен сол компанияның директоры Миржан Есеновке қатысты ақтау үкімінің күші жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін Экономикалық тергеу департаменті өкілдері Манукян мен Есеновке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Біріншісі - алаяқтық, екіншісі - "Қобда-Мәртұқ" жолын жөндеу кезінде жасалған қылмысқа қатысы бар деген айып тағылды. Тергеу сотталушылар бюджетке 70 миллион теңге шығын келтірген деп есептеді.
Бірінші сатыдағы сот іс бойынша кө заңбұзушылықты анықтап, екі сотталушыны да кінәсіз деп танып, ақтау құқығын қалдырды. Сондай-ақ, Экономикалық тергеу департаментінің басшылығы мен Ақтөбе облысының прокурорына соталды тергеп-тексеру кезінде тәртіп бұзғаны үшін жеке қаулы шығарды.
Алайда таяуда Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы ақтау үкімін бұзып, қылмыс әлі де болғанын анықтады.
Сот Манукян мен Есеновті алты жылға бас бостандығынан айырды, олар жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Олар сот үкімін жариялағаннан кейін қамауға алынды. Сондай-ақ, сот жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының пайдасына сотталғандардан келтірілген шығын үшін 70 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек