Ақтөбеде бопсалаушылар тобы ұсталды. Полиция қызметкерлеріне облыс аумағында қылмыстық топтың бопсалаумен айналысатыны туралы ақпарат түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған тұлғалардың кәсіпкерден қомақты ақша сомасын бопсалағаны, сондай-ақ оларға "Тойота Камри" автокөлігін ресімдеуді талап еткені анықталды.
Ағымдағы жылғы 16 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе облысының төрт тұрғынын ұстады. Ұсталғандардан патрондары мен 2 травматикалық тапанша және пышақ тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі "бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ұсталғандар қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!