Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған деструктив діни ағым жақтаушылары ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция мәліметінше, Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық орта өкілдерінің және деструктив діни ағымдардың қылмыстық-бағдарланған жақтаушыларының заңсыз іс-әрекетінің жолын кесу бойынша өңірде автоломбард түріндегі қаржы пирамидасын құру және басқару дерегін анықтады.
Автоломбардтың атымен тұрақты қаржы пирамидасы құрылғаны анықталды. Жалған шарттарға сәйкес ұйымдастырушылар салымшыларға автокөлік құралдарын нарықтық бағадан жоғары бағаға сатып алуға уәде берген, бірақ автокөліктер нарықтық бағадан екі немесе одан да көп есе төмен үшінші тұлғаларға сатылған, ал төлемдер жаңа "клиенттерді" тарту арқылы жүзеге асырылған.
Арнайы операцияны жүргізу кезінде Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің жедел уәкілдері Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, осы заңсыз қызметке қатысы бар деген күдікпен қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысын және басқа да адамдарды ұстады.
Тінту барысында арнайы техника, ЖШС-нің заңсыз қызметіне қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер, банк карталары, электрон жады тасымалдағыштар және ұялы телефондар тәркіленді.
Қазір күдікті пирамида басшылары сот санкциясымен қамауға алынды. Қаржы пирамидасына қатысушы криминалитет өкілдері мен деструктив діни ағымдарды ұстанушыларды әшкерелеу бойынша одан әрі тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!