Ақтөбеде қар құрсауында қалып, адасып кеткен ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 7 ақпанда болған.
"7 ақпан күні таңертең түнгі кезекшіліктен шығып, бағытымды жоғалтып, адасып кеттім. Төтенше жағдай қызметінде жұмыс істейтін балалар тауып алды. Аман-сау тапқандарына көп рақмет", - дейді аязда қалған ер адам.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында 68 шетелдік қар құрсауында қалғаны хабарланған болатын.
"Көліктің капотын, үйдің шатырын ұшырып жіберген". Ақтөбеде не болып жатыр?
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы аумағында ауа райына байланысты төтенше жағдайлар тіркеліп жатыр. Қала тұрғындарының сөзінше, жылу мен суға байланысты мәселелер де туындаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!