Жақында Ақтөбеде жылдамдық режимін бекіту камералары қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұрын орнатылған тесттік режимде жұмыс істеген жылдамдықты бақылау камералары ағымдағы жылдың 16 тамызынан бастап толықтай іске қосылады.
Жылдамдықпен бірге бұл камералар іздеуде жүрген, айыппұлдары көп төленбеген, бағдарда тұрған, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін таққан автокөліктерді анықтайды. Аталған камералар Ақтөбе қаласының 66 жерінде орналасқан.
"Сонымен қатар, қалада орнатылған барлық камералардағы жылдамдықты өлшеу шегі ҚР жол жүрісі ережелеріне сәйкес 60км/сағ. екенін хабарлаймыз.
Құрметті Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары! ҚР жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жолда абай болуларыңызды сұраймыз", - дейді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз