Ақтөбеде жүріп бара жатқан көліктің үстіне шығып видео түсіргендер жазаланды

Ақтөбеде жүріп бара жатқан көліктің үстіне шығып видео түсіргендер жазаланды
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде жүріп бара жатқан көліктің үстіне шығып видео түсіргендер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 сәуірде Тәуелсіздік даңғылы бойында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелген. TikTok желісінде жарияланған видеода Hyundai Tucson маркалы көліктің жолаушысы көлік қозғалысы кезінде оның төбесіне шығып алғаны көрінеді.

"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізілді. Құқықбұзушылар анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қауіпті әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget