- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен...
Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған мас күйде қайтадан көлік айдаған
Ақтөбеде жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта көлік тізгіндеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Патрульдік полиция қызметкерлері мас жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізу барысында жол қозғалысы ережесін бұзған Toyota автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші полицейлерге жүргізушілік куәлігін көрсеткен, сонымен қатар, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екендігі анықталды. Әрі қарай, тиісті базалар бойынша тексеру кезінде оның бұрын көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, ер адам жүргізуші куәлігінің жалған екенін түсіндіріп, оны көрші облыста белгілі бір сомаға сатып алғанын айтты. Енді жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен бірге, құжаттарды қолдан жасағаны үшін де жауап береді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина