- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде жүргізуші куәлігі...
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ тұрғын автобус айдаған
Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ тұрғын автобус айдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері №8 қалалық бағыттағы жолаушыларды тасымалдаған автобус жүргізушісінің жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады.
Алимент бойынша берешегінің болуына байланысты сот ұйғарымымен аталған азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы тоқтатылған. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және автобус айыппұл тұрағына қойылды.
Сонымен қатар шара барысында ПАЗ қызметтік автобусты тиісті санатсыз басқарған жүргізуші анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан