Ақтөбеде жүргізуші кабинада ұйықтап жатқанда ұры жүк көлігінен тауарды ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 қарашада түнде белгісіз тұлғалар есіктің құлпын бұзу арқылы "VOLVO" жүк көлігінің тіркемесіне кіріп, әрқайсысы 16 келі болатын 23 қораптағы құс етін (окорочка) жасырын ұрлап кеткен. Автокөлік Байғанин ауданы Ноғайты аулынан 1 шақырым қашықтықта "Астрахань-Ақтөбе " автожолының жиегінде тұрған. Жүргізуші таңертең оянған кезде ғана тауардың жоғалғанын білген.
Полиция қызметкерлері осы ұрлықты ашу бойынша іс-шаралар жүргізу барысында Батыс Қазақстан облысының 42 жастағы тұрғыны басқарған "VOLSWAGEN SHARAN" автокөлігін тоқтатты. Көліктің салонында полицейлер ұрланған құс етінің қораптарын тауып, тәркіледі.
Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз