Ақтөбеде жүргізуші екі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қыркүйекте шамамен сағат 21:40-та белгісіз жүргізуші Тәуелсіздік даңғылымен жүріп келе жатып, жолды кесіп өткен 8 және 9 жастағы кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан оқушылар Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылған.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі бойынша (Жол ережесін бұзу) соталды тергеу басталып, күдіктіні анықтауға, ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!