ТЖМ құтқарушылары жүк көлігінің жүргізушісіне көмекке келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбенің маңында "Оңтүстік айналма" облыстық маңыздағы жолда құтқарушылар қар құрсауында қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті.
Құтқарушылар күшімен ауыр жүк көлігі қар құрсауынан сәтті шығарылды. Көліктің ішінде бір адам болған, ол зардап шекпеген.
ТЖМ еске салады: қыс мезгілінде жолдарда ерекше мұқият болыңыз және ауа райын ескеріңіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz