- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалақы туралы
Ақтөбеде жұмысшылар 9 миллионға жуық жалақысын алды
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Ақтөбеде жұмысшыларға 8,5 миллион теңгеден аса жалақы өтелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Темір ауданы прокуратурасы "Шұбарқұдық жылу" КМК-да 87 жұмысшыға 8,5 миллион теңгеден аса жалақы төленбегенін анықтады.
"Прокуратураның қадағалау актісімен еңбек инспекциясы "Шұбарқұдық жылу" КМК-ын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, берешекті міндетті түрде өтеу туралы ұйғарым шығарды. Нәтижесінде көрсетілген берешектер толығымен өтелді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін қолдауға мұқтаж адамдардың жалақысынан 5,5 миллион теңге заңсыз ұсталғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова