- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде ЖШС қаңғыбастың...
Ақтөбеде ЖШС қаңғыбастың атына тіркеліп, жұмыс істеп келген
Фото:
pexels.com
Ақтөбеде ЖШС қаңғыбастың атына тіркеліп жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тиіс шығыны 164 миллион теңгеден асты.
Тергеу барысында бұл ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Авдонин Ю.В. қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екені анықталған.
Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина