Ақтөбеде жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысты

Ақтөбеде жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысты
Фото: instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбе маңында Ресейдің Орск қаласына апаратын тасжолда жол апаты болды.
Жолаушылар мінген автобус пен жүк көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, автобус Пригородный кентіндегі соңғы аялдамадан шығып, облыс орталығына қарай бет алған. Салонда жолаушылар болған. Олардың нақты саны әлі хабарланған жоқ. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті.

"Жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі мен жолаушы Ақтөбедегі медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт адам зардап шекті.

"Жедел жәрдем сағат 12:28-де жетті. Зардап шеккен төрт адам: 1992 жылы туған автобус жүргізушісі, 1969 жылы туған әйел қаралды. 1951 жылы туған әйел амбулаторияға жүгінді, тексеруден кейін көлік бригадасы шақырылып, жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. 1976 жылы туған фура жүргізушісі қаралудан бас тартты", - деп хабарлады ведомство.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актобе / Aktobe (@aktobe_zello)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан