Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласының прокуратурасы "Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы" КММ-і директоры бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады.
"КММ директоры қызметін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізінде 272 млн теңгеге жол белгілерін салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың актілерін қабылдаған", - деп жазылған хабарламада.
Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланып ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу"), оған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазір қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!