Ақтөбеде аутизм дертіне шалдыққан бала әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңір полициясы мәліметінше, іздеу жалғасып жатыр. Алайда Жетру Кәрім төртінші күні қатарынан табылмай жатыр.
Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға тырысып жатыр.
"Баланы іздеуге 500-ге жуық адам жұмылдырылды, оның ішінде полиция қызметкерлері, ТЖБ қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ, қызметтік иттер және 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 жылқы, ұшу аппараттары пайдаланылып жатыр. Полицияға жүгінген сәттен бастап үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз люктері, шұңқырлар, дала, оның ішінде орман алқаптары тексеріліп жатыр. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары тексерілді. Кәмелетке толмаған Жетру Кәрімнің жоғалғаны туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды", - деп жазылған мәліметте.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім табылмай жатқаны хабарланды.
Аутизм дертіне шалдыққан бала 4 мамырда атасы мен әжесі тұрған үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен. Туыстары мессенджерлерде ауладан ішкиім мен футболкамен шығып, кейін жоғалып кеткен баланың видеосын жариялады. Бұл сәт көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!