Ақтөбеде полицейлер жоғалған банк картасымен сауда жасаған екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға жоғалған банк картасынан белгісіз адамдар бірнеше дүкенде 250 мың теңгеден астам сомаға сауда жасағаны туралы арыз түсті. Бұл туралы жәбірленуші өзінің телефонына хабарламалар келе бастағанда ғана білген. Ақтөбеліктің жоғалтқан банк картасында 1 млн теңгеден астам қаражат болған.
Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында 18 және 20 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Анықталғандай, сәуір айының басында жас жігіттер банктік картаны тауып алып, сауда жасаған. Олар парфюмерия, киім мен аяқ киім сатып алған. Заттай дәлелдемелердің бір бөлігі тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!