Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Самара-Шымкент тасжолының 594-шақырымында жол апаты болды. LADA Largus автокөлігі DAF жүк көлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан LADA Largus автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал қалған төрт жолаушы түрлі жарақат алған. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.
Облыстық полиция департаменті өкілдері тұрғындарды жол ережесін сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Ақтөбеде кейінгі кезде жол апаты жиілеп кетті. Жыл басынан бері 32 адам жол апатынан көз жұмған.
Кәмшат Сексенбай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!