Ақтөбе облысында көлік апатына ұшырап, ауруханаға түскен спортшылардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, оқушылардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Бұған дейін жансақтау бөліміне жатқызылған 5 баланың үшеуі қазір палатаға ауыстырылған. Мамандардың сөзінше, олардың денсаулығы орташа деңгейде. Ал екі жасөспірім жуық арада үйлеріне жіберілмек.
Балалар отырған көлік апаты: спорт мектебінің директорына қатысты іс қозғалды
Еске салайық, Ақтөбе облысында жол апаты 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68-шақырымында болған. Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны жүргізген Toyota Estima автокөлігі аударылып кеткен. Полиция мәліметінше, бір бала қайтыс болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!