Ақтөбеде сорғы станциясының ғимаратында өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, Алматы ауданындағы 41-разъезде, ЖШС аумағында жанар-жағармай материалдарын айдауға арналған жеке тұрған бір қабатты сорғы станциясы ғимаратында өрт шыққан.
Өрт аумағы 126 шаршы метрге жеткен. Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті жедел сөндірген.
"Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова