- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде жаңа босанған...
Ақтөбеде жаңа босанған әйел перзентханада алаяқтық жасады
Ақтөбе қаласының полиция басқармасына екі әйел алаяқтық туралы арызданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушілердің айтуынша, жыл басында олар перинаталдық орталықта болған, онда босанған әйелдердің бірі 5 млн теңге көлемінде кепілсіз несие ресімдеуге көмек ұсынған. “Қызметі” үшін ол 90 мың теңге көлемінде ақша сұраған. Екі босанған әйел оған қажетті соманы картаға аударған. Алайда уәде етілген несиені де, өз ақшасын да ала алмаған жәбірленушілер полицияға арызданды.
Полиция қызметкерлеріне күдіктінің жеке басын анықтау қиынға соққан жоқ, ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан