Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында заңсыз көші-қон ұйымдастырған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2 сәуірде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған бір топ адамның қылмыстық әрекетін әшкерелеген.
"Жедел дерекке сәйкес олар жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу саласында жалған құжаттарды пайдаланып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен. Қазір олардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз