Ақтөбеде гараждардың бірінде полицейлер 100 келіден астам есірткі заттарын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 келі), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылды және тәркіленді.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды Қазіргі уақытта тінту шаралары жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!