Ақтөбеде ержүрек құтқарушы адамдарды аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күшімен Ақтөбе облысының аумағында бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Темір ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аспан Нұржан өз арқасында су басқан аймақтан 2 бала мен 1 әйелді шығарып, қауіпсіз жерге көшірді.

Тұрғындар оқшауланып, барлық жағынан сумен қоршалып қалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина