Ақтөбеде 10-нан аса тұрғынды алдап, 100 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны "пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін" деп бір жыл ішінде 10-нан аса ақтөбелікті алдап, олардың ақшасын иемденгені анықталған.
"Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады", - деді ІІМ өкілі.
Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз