Ақтөбеде ер адам такси жүргізушісіне ақша төлемей, оның көлігін айдап кеткен

Ақтөбеде ер адам такси жүргізушісіне ақша төлемей, оның көлігін айдап кеткен. Кейіноны полиция ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап. 

43 жастағы ақтөбелік танысымен ішімдік ішкеннен кейін такси шақырған. Жолда келе жатып, ол ұйықтап қалады. Көрсетілген мекенжайға келгенде такси жүргізушісі оны оятқанда, ол ақша жоғын айтқан.

Бұған ашуланған жүргізуші оны түсірмей, өз үйіне қарай айдап кетеді, ал ер адам сол күйі машинада отыра берген. Жолда жүргізуші көлікті тоқтатып, "төлемесең, түс те жаяу кет" дейді. Сол кезде ер адам таксисті мойнынан ұрып жібереді. Екеуі көліктен түсіп, жанжалдасады. Кейін ер адам такси жүргізушісінің көлігіне мініп, айдап кетеді. 

Салдарынан ер адамға көлік ұрлау, мас күйде көлік жүргізу және жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырғаны үшін айып тағылды.

Сот оны 6 айға түрмеге қамау және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!