Әлеуметтік желі мен бірқатар БАҚ-та Ақтөбеде "ер адам мектеп оқушысымен интим байланыста болды деген күдік ілінгені" туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің Полиция департаменті өкілдері осы жағдайға байланысты редакцияға жауап берді.
"Бұл дерек бойынша қазір Ақтөбе қаласы полиция басқармасы соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу жүргізілгеннен кейін процестік шешім қабылданады", - деді полиция.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!