- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде ер адам...
Ақтөбеде ер адам мас күйде бірге тұратын әйелдің көлігін ұрлап кеткен
Ақтөбеде ер адам мас күйде бірге тұратын әйелдің көлігін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласының полициясына жергілікті тұрғын отбасылық жанжалдан кейін бірге тұратын адамның Honda автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданды. 18 қаңтарда сағат шамамен 14:00-де Махамбетов көшесінде ұрланған автокөлікті байқаған Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шұғыл түрде ұстау шараларын жүргізді.
Тексеру барысында жүргізушінің аталған көлік құралын масаң күйде басқарғаны, сондай-ақ бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Күдікті Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина