- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде ер адам...
Ақтөбеде ер адам ата-анасын пышақтап өлтірген
Ақтөбеде 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында ерлі-зайыпты өз пәтерінен өлі табылды. Оларды баласы өлтіргені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.
Оқиға орнына Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, облыс прокурорының міндетін атқарушы Қуандық Рахметов шықты. Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабының тәртібімен ұсталып, Ақтөбенің УҰИ-не қамауға алынды.
"Сол күні №2 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген тергеу іс-шараларымен екі адамды өлтірді деген күдікті анықталды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратура өкілдері.
Құзырлы ведомство мәліметінше, В. есімді ер адам мас күйінде жанжал кезінде ата-анасын пышақтап тастаған.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде пәтерден ерлі-зайыпты өлі табылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек