Ақтөбеде екі тұрғын ұсталды

Ақтөбеде екі тұрғын ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде полиция есірткі жеткізу арнасын жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, облыс орталығының 39 және 51 жастағы тұрғындарын ұстады.

Оқиға орнын тексеру кезінде көппәтерлі үйдің кіреберіс есігінің алдында марихуанаға ұқсас пакет тәркіленді. Қызметтік итті қолдана отырып, ұсталғандардың біреуіне тиесілі көлікті тінту барысында жүксалғыштан өсімдік тектес заттар салынған 1 пакет, сондай-ақ, 6 патроны бар, тіркеу нөмірлері жоқ тапанша тәркіленді.

Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша пәтердің балконынан жасыл түсті заттар салынған 1 орама тәркіленген.

"Сараптама қорытындысы бойынша бұл заттар жалпы салмағы 14,5 келіден асатын марихуана болып шықты. Есірткімен заңсыз жұмыс істеу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget