Ақтөбеде екі оқушыны ит талап тастаған

Ақтөбеде екі оқушыны ит талап тастаған

Ақтөбеде екі оқушыны ит талады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 75 мекенжайында ит бірнеше адамды талап тастады. Сағат 19:20-да 10 және 16 жастағы кәмелетке толмаған балалар жоғарыда аталған мекенжайдағы аулада ойнап жүрген. Осы кезде оларға жақын маңдағы стаффордшир бультерьер тұқымының иті шабуыл жасаған. Балалардың бірінің ағасы итті көріп, балаларды қорғауға тырысқан. Жағдайды көрген көршісі үйінен тіркелген қаруын алып шығып, итті атып, жарақаттады. Ветеринарлық қызмет келгеннен кейін итті ұйықтатып тастады", - деп жазады ақпарат көзі.

Жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілген.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері иттің иесін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-бабының 2-бөлігі 1-тармағының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

"Құрметті үй жануарларының иелері, үй жануарларын қадағалауыңызды сұраймыз. Иттерді серуендету кезінде қауіпсіздік шараларын (тұмылдырықты қолдану, тізгінді пайдалану және т.б.) және жануарларды ұстау ережелерін есте сақтау қажет. Ата-аналар, балаларыңызға сақ болыңыздар", - делінген хабарламада.

Г. Досымшалова