Ақтөбеде екі метрлік құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды

Ақтөбеде екі метрлік құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысының құтқарушылары құдыққа түсіп кеткен итті құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оларға иттің құдыққа түсіп кеткені айтылған.

"Бүгін кешке 112 нөміріне екі метр тереңдіктегі ашық құдыққа ит құлап кеткені туралы хабар түсті. Құтқарушылар альпинистік құралдың көмегімен итті сәтті шығарып алды", - деді құтқарушылар.

"Біз үшін әрбір өмір маңызды!" - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері

Бұған дейін Қарағанды ​​облысының Нұра ауданында еліктің құтқарылуы видеоға түсіп қалған болатын.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек