- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде екі жасөспірім...
Ақтөбеде екі жасөспірім қыз өздерін белгісіз біреулердің кепілге алғанын хабарлады
Ақтөбеде 9 және 11 жастағы жасөспірімдер өздерін белгісіз адамдар кепілге алғанын айтып, облыстық әкімдіктің 109 ахуал орталығына хабарлаған. Кейін телефонның тұтқасын қоя салған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл ақпарат дереу полицияға берілген. Полицейлер дереу қоңырау түскен мекенжайға жеткен. Мән-жайды анықтай келе, екі жасөспірім қыздың ойнап айтқаны анықталды. Енді қыздардың ата-анасы 30 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.
"Енді балалардың бұл әрекеті үшін ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы "Кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша жауап беруге тура келеді, онда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл қарастырылған", - деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан