- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде былтыр ғана...
Ақтөбеде былтыр ғана жазасын өтеп шыққан тұрғын кісіні қорқытып, 15 млн теңге бопсалаған
Ақтөбе облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі ақша сомасын бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаңтар айының соңында полицияға Ақтөбе тұрғыны К.Р.М. белгісіз адам дене жарақатымен қорқытып, 15 млн теңге бопсалағаны туралы арызданды.
Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаны бір бөлігін алу кезінде ұстады.
Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан