Ақтөбеде бір топ адам қала тұрғынын күштеп көліктің жүксалғышына салып, ұрлап әкеткен

Ақтөбеде бір топ адам қала тұрғынын күштеп көліктің жүксалғышына салып, ұрлап әкеткен
Фото: Видео кадры

Ақтөбеде жолдағы жанжал адам ұрлаумен аяқталған. Полиция күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

102 арнасына бірнеше ер адам бір азаматты күштеп көліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Адам ұрлаған сәт оқиға орнынан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. 

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерінің қолдауымен күдіктілер мінген Lexus көлігін тоқтатып, оларды ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша бұл оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанда жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін олар сөзге келіп қалған", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.

Мәліметке сүйенсек, кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оны күткен. Ер адам таксимен өз шаруасымен шыққан кезде олар көлікпен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан. Артынша жәбірленушіні күштеп көліктен шығарып, Lexus көлігінің жүксалғышына салып әкеткен.

"Бұл дерекке қатысты соталды тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget