Ақтөбеде бір жарым жасар қыз балабақшадан беті жараланып келген. Кішкентай қыз ауруханаға жеткізілді. Сараптама қорытындысы бойынша, бір жарым жасар қыз соққы көргені анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева бұл балабақша білім бөлімінің бақылауында емес екенін және оны тексере алмайтынын айтты.
Бұл жайт туралы қыздың анасы айтқан. Әйел адамның сөзінше, ол 16 мамырда қызын балабақшадан алып, жағаұстатар жайтқа тап болған. Бір жарым жасар қыздың беті соққылардан жара болып қалған. Ол жедел ауруханаға жеткізіліп, рентгенге түсті.
"Қызымды көргенде қатты таңғалдым. Бала күтушінің сөзінше, оны екі жасар бала басынан ұрған. Бірақ кішкентай бала қалайша ауыр соққы жасайды? Баланың анасымен хабарласқанымда ұлы ұрмағанын айтқан", - дейді Ақбота Юлдашева.
Оқиға болған балабақша жекеменшікте болғандықтан ол жерде тәрбиешілер жоқ, тек бала күтушілер. Қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаеваның айтуынша, бұл балабақша білім бөлімінің бақылауында емес және оны тексере алмайды. Ол жеке үйде орналасқан, баспалдақтар жоқ, балалар көшеде жүрмеген, ал бала көшеде жарақат алуы мүмкін емес екен. Балалармен ойнау кезінде баланың басын ұруы мүмкін, бірақ бақылау камералары жоқ, сондықтан оны тексеру мүмкін емес.
"Оқиға болған сәтте мен болмадым. Көмекшілердің сөзінше, олар балаларға кешкі ас беріп жатқан. Сол кезде екі бала ойын бөлмесіне кетіп қалған. Сол сәтте балалардың бірі Мияның басынан көлікпен ұрып жіберген. Мен қыздың анасына хабарласып, жағдайын сұрап тұрдым, тіпті емдеуге қаржылай көмек те ұсынғанмын, бірақ ол оны алмады", - дейді балабақша директоры.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!