- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде баласын өлтіріп...
Ақтөбеде баласын өлтіріп алған әйелге қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында қайтыс болған 1 жасар баланың анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2023 жылғы 23 ақпанда сағат 10:00 шамасында Ақтөбе полиция басқармасы Алматы ауданы №3 ҚПБ-нің 102 нөміріне 02.02.2022 жылы туған баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кәмелете толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, қорытындысы бойынша жүректің жетіспеуінен (сердечная недостаточность) қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша баланың анасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.
Тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сонымен бірге қайтыс болған баланың әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмағаны белгілі болды.
Еске салайық, Ақтөбеде жантүршігерлік оқиға болды. Волонтерлер ішімдікке ішетін отбасының үйіне барып, 1 жасар бала қайтыс болғанын, оның қасындағы 4 жасар ағасының аш құрсақ жүргенін, сонымен бірге мас ересектерді көрген. Үйдің астан-кестені шыққан, ішерге тамақ болмаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан