Ақтөбеде әйелге қоқыс жәшігі құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, 1 қаңтарда полицияға "103" операторынан Сәңкібай батыр даңғылындағы үй ауласында бір адамға қоқыс контейнері құлағаны туралы хабар түскен.
"Жедел-тергеу тобы контейнерді тиеу кезінде КамАЗ-дың көтергіш механизмі бұзылып, металл қоқыс контейнері ЖШС-нің 38 жастағы қоқыс жинайтын қызметкеріне құлағанын анықтады. Бірнеше сағаттан кейін әйел алған жарақаттарынан қаланың көпсалалы облыстық ауруханасында қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы, 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!