Ақтөбеде полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің терезесінен құлап кете жаздаған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл 14 желтоқсанында көшеден өтіп бара жатқан адамдар көпқабатты үйден құлап кете жаздаған әйелді көріп, "102" нөміріне қоңырау шалған.
Әйел терезеден екінші қабаттың карнизіне шығып, көмек сұраған. Оқиға орнына патруль полиция жасағының инспекторлары полиция капитаны Бакулан Кенжегалиев пен полиция кіші сержанты Сұлтан Мамаев барған.
Тәртіп сақшылары әйелге аман-есен терезеден түсуге көмектескен.
Әйел мен ер адам арасында жанжал болып, әйел қашқысы келген. Екеуі де оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қалалық полиция бөліміне жеткізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!