Ақтөбеде 17 сәуірде кешке адамдар тұрған аялдама үстіне жарнама тақтасы құлады. Салдарынан үш әйел жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Оқиға "Алтын орам" ТК ауданындағы А. Молдағұлова даңғылында болған. Жарнама тақтасын орнату кезінде құрылымның бір бөлігі аялдаманың шыны төбесіне құлады. Автобусты күтіп тұрған үш әйел құлаған шатыр сынықтарының астына қалды.
"Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету дерегі бойынша соталды тергеу басталды", - деді Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда көп көлемде өндірілетін табиғи ресурсқа мысал келтіріп, оны өндіретін кен орнын атаңыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!