• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтөбеде автобустың мас жүргізушісі жолаушыларға қауіп төндірген

Ақтөбеде автобустың мас жүргізушісі жолаушыларға қауіп төндірген
Фото: polisia.kz

Патрульдік полиция қызметкерлері маршруттық автобус жүргізушісінің күдікті әрекеттеріне назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеру кезінде полицейлер жүргізуші мас күйінде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, сараптама жүргізуге шешім қабылдады.

Жүргізуші расында да мас күйде болып шықты. Құқықбұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа қойылды.

Енді жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жүргізушіге әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес