Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Ақтөбедегі Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ–2107 автокөлігі мен DAEWOO автобус соқтығысты.
Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Сол көліктегі 10 жастағы бала ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз